"Мен спортты жек көремін". Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы ашуға ерік берді (видео)

18 ақпан 2022, 09:23

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Александра Трусова күміс медальға ие болды.

Sports.kz сайтының мәліметінше, Олимпиадада әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламаның қорытындысына спортшының көңілі толмаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ресейлік спортшы Анна Щербакова 175,5 ұпаймен алтын медальға ие болды. 251,73 ұпай жинаған Александра Трусова екінші орын алды. Жапондық спортшы Каори Сакамото 233,13 ұпаймен үшін орынға жайғасты.

Александра Трусова мәнерлеп сырғанау тарихында алғаш рет бес реттік секіру әдісін орындады. Алайда видеодан оның күміс жүлдеге де, сайыс нәтижесіне де көңілі толмағынын көруге болады.
Бәрінде алтын бар! Менде жоқ! Мен спортты жек көремін! Енді мұз айдынына шықпаймын, — дейді ол.

Спортшы кейін өзінің бұл әрекетіне не себеп болғанын айтты, деп жазды Еurosport.ru сайты.
"Мен бес реттік секіру жасағаныма қуаныштымын. Нәтиежесін өздеріңіз көрдіңіздер, білесіздер. Сайыс қорытындысына көңілім толмаса да, өзіме ризамын. Мұз айдынына шығатыным не шықпайтынымды алдағы уақытта көрерміз. Жанымдағы адамдарға деген қарым-қатынасым өзгерген жоқ. Барлығы жақсы", — деді Александра Трусова.

Жанында анасы мен иттерінің жоқтығы оған қатты әсер еткен. Сол себепті көз жасына ерік бергенін айтты.

Бүгін сезімге ерік беріп, біраз нәрсе айттым. Әлем чемпионаты туралы алдағы уақытта ойланып, не істейтінімді шешемін, — деп жауап берді спортшы.