"Менің бауырым". Хабиб Нурмагомедов белгілі америкалық файтер туралы

21 ақпан 2022, 09:01

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Instagram желісіндегі "стористе" жартылай орта дивизионда өнер көрсететін америкалық файтер Белал Мухаммадпен түскен суретін жариялапты.

 

 

"Менің бауырым", - деп жазыпты Нурмагомедов фотоның астына.

 

Өз салмағында Мухаммад бесінші орында екенін айта кетейік. Кейінгі айқасында ол отандасы Стивен Томпсонды жеңді. Белалмен жекпе-жекке дейін Томпсон топ-5 тізімде болған, қазір жетінші орныға сырғып кетті.

 

 

 

kaz.vesti.kz