Месси жетінші рет "Алтын доп" иегері атанды

30 қараша 2021, 17:07

"Пари Сен-Жермен" футбол командасының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2021 жыл нәтижесі бойынша "Алтын доп" иегері атанды. Бұл – футболшының жетінші "Алтын добы", деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Лионель Месси алғашқы орынды иеленді. Екінші орынға "Бавария" командасының шабуылшысы Роберт Левандовский, үшінші орынға "Челсидің" ойыншысы Жоржиньо тұрақтады. Ал Криштиану Роналду алтыншы орынды иеленді. 
Месси 2019 және 2020 жылдары да "Алтын доп" иегері атанған еді. Алайда 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты жүлде табысталмаған. 

2021 жылы Месси Аргентина құрамасының сапында ойын өткізіп, Америка кубогын жеңген. Ал "Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовский Бундеслигада 41 гол салған. Осылайша ол Германия чемпионы атанып қана қоймай, Герд Мюллердің рекордын бұзған. Жоржиньо Италия құрамасында ойынап, Еуропа чемпионатын, "Челси" құрамында Чемпиондар лигасын жеңді.