Спорт

Месси мен Хэмилтон жыл спортшысы атанды

  • https://m.sport-express.ru/

    https://m.sport-express.ru/

«Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Месси әлем бойынша жылдың үздік спортшысы атағына ие болды.

 

Аргентиналық ойыншы бұл марапатқа ие болған алғашқы футболшы. Месси Берлин қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алған жоқ. Сондықтан ол көпшілікке бейнеүндеу жіберіп, өз алғысын білдірді.

 

«Бұл – мен үшін үлкен абырой. Футболшылар арасында алғаш рет осы атаққа ие болғанымды мақтан етемін», – дейді Месси.

 

Формула бір автосайысының жүйрігі Льюис Хэмилтон да жыл үздігі қатарынан көрінді. Британ автоспортшы 2008 жылы да марапат алғанын айта кетейік.

 

Биыл алғаш рет «Спорттағы Оскар» атағын екі спортшы бөлісті. Месси мен Хэмилтон сауалнама қорытындысы бойынша бірдей дауыс жинаған. Олар теннисші Рафаэль Надаль мен гольф шебері Тайгер Вудсты және мотоспортшы Марк Маркестен озып кетті. Жеңіл атлет Элиуд Кипчоге де таңдаулылар тізімінде болды.

 

24.kz/


 




Көрілген: 210    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 11:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31