ММА файтері елдің көзінше қызбен сүйіскен жігіті бір соққымен талдырды

09 маусым 2022, 16:37

"Шара Буллет" лақап атты ММА файтері Шарапутдина Магомедов көшеде төбелесіп, оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Бұл туралы vesti.kz тілшісі Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Оқиға Махачкаладағы сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде болған. Спортшы елдің көзінше сүйісіп, аймаласып тұрған ер адам мен қызға ескерту жасаған. Осыдан кейін ер адам Магомедовты бірінші болып ұрған екен, осыдан кейін төбелес басталып кетеді. Алайда оларды өзге адамдар ажыратып алады.

 

Осыдан кейін Шарапутдин ер адамды сауда үйінен шыға берісте күтіп алып, талдырып тастап, жерде жатқан жерінде басынан тепкен екен. Оқиға бір ай бұрын болған екен. Магомедовтың сөзінше, ол кейін ер адаммен жеке сөйлесіп, мәселені шешкен көрінеді.

 

Магомедов ММА-де сегіз жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жеткен. Қазіңргі таңда ол AMC Fight Nights промоушенінде өнер көрсетеді. Сонымен қоса, ол жалаң жұдырықпен айқастарға да шығады.