Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Морозов UFC-де кезекті рет жеңіске жетті

18 желтоқсан 2022, 16:56

Сергей үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы 19-шы және UFC-дегі бес кездесуден кейінгі үшінші жетістік болды.

Жеңіл салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Сергей Морозов UFC-де үшінші жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенбіде Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде 33 жастағы ақтөбелік америкалық Джурни Ньюсонға қарсы жекпе-жекте ивент кардын ашты. Үш раундқа созылған жекпе-жектте бірауыздан төрешілердің шешімімен Морозовтың жеңісімен аяқталды - 30-27, 29-28, 29-28.

Сергей үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы 19-шы және UFC-дегі бес кездесуден кейінгі үшінші жетістік болды. Бұл АҚШ ұйымымен жаңа ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылғаннан кейін UFC-дегі Морозовтың алғашқы жекпе-жегі.