Спорт

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тегін спорт секциялары ашылды

  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тегін спорт секциялары ашылды

    Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тегін спорт секциялары ашылды

Қарағанды «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры іске асырып жатқан «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасына қосылды. Аталмыш жоба аясында ерекше балалар спортпен тегін айналыса алады. 

Адаптивті таэквондо мен жүзу, инклюзивті хореография секциялары ашылды. Бочче бойынша жаттығулар өткізіледі &ndash бұл Қазақстандағы жаңа паралимпиадалық спорт түрі.

Жобаның тұсаукесері балалар мен жасөспірімдер сарайында өтті. Ынтымақтастық туралы Меморандумға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов және «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ директоры Нұргүл Үлжекова қол қойды.

 Біз бірлесе жұмыс істейміз және балаларға өзін-өзі танытып, тілектерін орындауға және өз арманына жетуге көмектесеміз. Бұл жоба ерекше балаларды әлеуметтендіруге көбірек мүмкіндік береді, - деді Абзал Нүкенов.

 
Бұл күні Бочче және бейімделгіш жүзу бойынша ашық жаттығулар өтті.

Қарағандыдағы жоба үйлестірушісі Гаухар Әкіжанованың айтуынша, бағдарламаға қатысу үшін топтар қазірдің өзінде құрылып қойған, бірақ резерв болуы мүмкін.

Бочче секциясы №27 жалпы білім беретін мектепте және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта жұмыс істейтін болады. Адаптивті таэквондо секциясы облыстық таэквондо WTF Федерациясының қатысуымен ұйымдастырылған. Инклюзивті хореография сабақтары Достық үйінде өткізіледі.

 Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қозғалыс белсенділігі маңызды. Бұл, ең алдымен, аз қимылдауға байланысты қайталама асқынулардың алдын алу болып табылады. Бейімделгіш спортпен жүйелі түрде айналысу арқылы балалар өздерінің жасырын әлеуетін ашады, дене және қарым-қатынас қабілеттері жақсарады, - деп атап өтті Нұргүл Үлжекова. - Біз Қарағанды облысы әкімдігінің қызығушылық танытып, қолдау көрсеткеніне қуаныштымыз.

 Қор жаттықтырушыларды оқыту, еңбекақы төлеу, әдістемелік сүйемелдеу және арнайы спорттық құралдармен жарақтандыру жөніндегі шығыстарды өз мойнына алады.

 Менің ұлым үш жасынан бастап жүзумен айналысады. Бочче секциясына жазылды. Мен мұндай ойын туралы бұрын білмедім. Интернетте оқыдым &ndash маған ұнады. Бұл мүгедектер арбасына таңылған балалар үшін өте қолайлы. Қарым-қатынас жасаудың қосымша мүмкіндіктері, - деп бөлісті 6 жасар ерекше баланың анасы Татьяна Соковых.

 «Саламатты болашақ» жобасы 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Елордада бастау алып, географиясын біртіндеп кеңейтуде. Қазір Нұр-Сұлтан, Павлодар, Шымкент және Қарағанды облыстарында спорттық секциялар жұмыс істейді.

BAQ.KZ




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 23:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31