Спорт

Мұзды судың ішінде екі сағат жалаңаш отырған спортшы рекорд орнатты (фото)

  • https://www.dailymail.co.uk/

    https://www.dailymail.co.uk/

Австриялық спортшы екі сағат бойы тастай мұздың ішінде киімсіз отырып, әлемдік рекорд орнатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ басылымы.

 

Йозеф Кеберль есімді азамат осымен екінші рет өз рекордын жаңартып отыр деп жазады dailymail.co.uk басылымы.

 

Шомылуға арналған іш киімді ғана киген ол арнайы мұз толы қораптың ішіне кіреді. Қораптың ішіне салмағы 200 келі тартатын мұз толтырылған.

 

Ер адамның сөзіне сенсек, мұздан келетін аяздан оның денесі қатты ауырған. Алайда ол ойын басқаға ауыстырып, жақсы эмоцияларға толтыру арқылы бұл ауырсынуларды жеңе алады екен.

 

 

Йозеф екі сағат 30 минут 57 секунд мұздың ішінде отыруға шыдай алған. Осылайша, ер адам өзінің бұған дейін орнатқан рекордынан жарты сағатқа артық отыра алудың арқасында қайта әлемдік рекорд жаңартты.

 

Спортшы мұздан шыққанда күннің қыздырғанын сезіну ерекше ләззат беретінін алға тартуда.

 

Йозеф бұл рекордын әлі де жаңартпақ ниетте. Келесі жылы ол тағы да мұз толы қорапта ұзағынан отыруды жоспарлап отыр екен.

 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 20:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31