Спорт

Нанкинде ел намысын кімдер қорғайды?

  • Нанкинде ел намысын кімдер қорғайды?

    Нанкинде ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт және дене шынықтыру агенттігі Нанкинде жалау желбірейтін жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Агенттіктің таратқан ақпараты бойынша, 16-28 тамыз күндері Қытайдың Нанкин қаласында өтетіп жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 51 спортшы және 20 бапкер барады екен. Осы ретте айта кетейік, 2010 жылы Сигапурда өткен жасөспірімдер арасындағы І жазғы Олимпиада ойындарына біздің елдің жас таланттары 19 спорт түрінен 33 лицензия жеңіп алып, 47 спортшы және 13 бапкер қатысқан болатын.

Негізі жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында жекелей сындағы спорт түрлерінде әр елге бес лицензиядан артық берілмейді. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының басты ерекшелігі де – осы. Бұл дегенміз алпауыт елдер жас таланттар додасына үш таңбалы санды спортшылар апара алмайды деген сөз. Есесіне, жағдайлары жұпыны елдердің жеткіншектеріне де төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға қатысу мүмкіндігі туындайды.

Әрі жас спортшылардың арлы-бері жолдарын, жатын орындары мен тамақтарын Халықаралық Олимпиада комитеті өз мойнына алған. Ал қалған шығындарды (спортық киім-кешектер, мемлекеттік рәміздер және т.б.) әр мемлекет өзі көтеруі керек.

Сонымен ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі таратқан ақпарат бойынша мына спортшылар Нанкинде Қазақстан намысын қорғайды:



Олимпиада ойындарына баратын бапкерлер қосыны:



Еске салайық, 2010 жылы Сигапурда өткен жасөспірімдер арасындағы І жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан жеткіншектері алты медаль (2 алтын, 2 күміс, 2 қола) олжалап, жалпы командалық есепте 24-орынға ие болған.

Негізі, біздің жеткіншектер 3 алтын алған. Бірақ дзюдошы Қайрат Ағыбаевтың «Эссен» командасының сапында алған алтыны жалпыкомандалық есепте біздің еншімізге жазылмады. Ереже солай. Өйткені ол жекелей сында емес, аралас командалар арасындағы («Mixed-NOCs») бәсекеде чемпион болды. Еншімізге жазылмаса да, Олимпиада ойындарының чемпионы болып қайтқан...

Ал өткен аптада ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың мәлімдеме бойынша, Нанкинде біздің жас спортшыларымызға 3 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль жеңіп алу мақсат тұтылып отыр. Меже – осы. Егер осы мақсат орындалса, жалпы командалық есепте 15-20 орындардың біріне ие болуымыз әбден мүмкін.

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1231    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.08.2014, 14:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30