Спорт

Назар сал: бәйге!!!

  • Назар сал: бәйге!!!

    Назар сал: бәйге!!!

Бүгін түнде футболдан әлем чемпионатының «пердесі» түріледі. Төрт жыл сарыла күткен бүкіләлемдік дода басталып, ашылу салтанаты өтеді. Содан соң боладысымен дегбірді алған ойындар да басталады.
Осыған орай, «Алаш айнасы» газеті осы дүбірлі дода барысында «Болжамшылар бәсекесін» ұйымдастырғалы отыр. Жеңімпазға дайындап отырған бас бәйгеміз де бар. Оны сәл кейінірек жариялаймыз.
Бәйгемізге келер болсақ, күніне бір журналист пен бір қыз (келіншек) өз болжамдарын ортаға салады. Осылай топтық кезең аяқталғанша 15 жұп сайысқа түседі. Әр жұпта жеңіске жеткендері 1/16 финалына шығады. Сонда 15 жұптан 15 жеңімпаз шығуы керек. Ал 16-шысы жеңілгендердің ішінде ең көп ұпай жинаған адам болады.
Осы рете айта кетейік, егер бір жұптағы қос болжамшының екеуі де бірде-бір ұпай ала алмаса, онда екеуі де 1/16 финалына өтпейді. Қысқасы, топтық ойын біткен соң ұпай санаймыз.

Енді «Болжамшылар бәсекесі» деп аталатын бәйгеміздің қысқартылып жарияланып отырған талап-тәртібімен, жалпы ережесімен таныс болыңыздар:
1. Бір ойындағы ойын нәтижесін (есебін) дәл тапқан адамға үш ұпай беріледі (Мысалы, Бразилия құрамасы Хорватия қырандарын 3:1 есебімен ұтса, тура осылай топшалаған сайыскерлерімізге үш ұпай беріледі. Тең аяқталған ойындардың да есебін дәл тапқандар үш ұпай еншілейді).
2. Бір ойында қай құраманың жеңіске жететінін немесе екі команданың тең түсетіндігін нобайлап, дұрыс шешкендерге бір ұпай ғана беріледі (Мысалы, Бразилия құрамасы Хорватияны жеңсе, бірақ мүлде басқа есеппен. Тең ойындар да солай).
3. Бәйгеміздің екінші сатысына, яғни 1/16-финалына шыққандар арасында рейтингтік тізім түзіледі. Бұл тізімде ең бірінші, жеңіске жеткендер арасында көбірек ұпай жинағандар сап түзейді.
а) егер бірнеше адамның ұпайлары бірдей болса, онда қанша мүмкіндіктен сонша ұпай жинағаны ескеріледі (өйткені, кей күндері төрт ойын, көбінесе үш ойыннан);
ә) егер мұнда да көрсеткіштері бірдей болса, онда жазған түсініктемелеріне мән беріледі: қысқа да нұсқа, бірақ мазмұны терең, эмоциялық бояуы басым, өткір де ықшам, жарасымды әзілмен кестеленген келелі ой-пікірлерге қосымша ұпайлар беріледі (1-0,5);
4. Әр күні жеңіске жеткендер арасындағылардан қалған орындар жеңілгендер арасындағы үздіктермен толықтырылады (мұнда да ұпайларына жүгінеміз).
5. Әрі қарай бәйгеге түсушілер тек бір ойынға ғана болжам жасайды. Ал 1/16 финалына шықандар мына жұптар бойынша бәйгеге түседі.
1 – 16;
2 – 15;
3 – 14;
4 – 13;
5 – 12;
6 – 11;
7 – 10;
8 – 9.
6. Бәйгеміз әрі қарай осы тәртіппен жалғасады. 1/8 финалына өз жұптарында жеңіске жеткендер ғана шығады.
Ескерту: 1/8 финалынан бастап ескерілетін қосымша ережелерімізді кейінірек жариялаймыз. Әзірше осымен тоқталып, бірінші кезеңді (топтық ойындарды және 1/16 финалын) аяқтап алайық.

Автор: Айнұр




Көрілген: 996    Пікірлер: 4

сейсенбі, 17.06.2014, 18:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30