НБА тарихындағы атақты ойыншы қайтыс болды

01 тамыз 2022, 10:04

"Бостон Селтикстің" аты аңызға айналған орта шептегі ойыншысы Билл Расселл 88 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Чемпионат.сом басылымына сілтеме жасап.

Расселл - НБА тарихындағы ең атақты ойыншы. Оның есебінде 13 маусымдағы 11 чемпиондық атағы бар.

 
Расселл "Бостон" құрамында өнер көрсетті. 11 атақтан басқа, ол бес рет лига MVP-і және 11 рет НБА жұлдыздарының матчіне қатысты.

"Біз бұл хабарды Биллдің барлық досына, жанкүйері мен ізбасарына жеткізгіміз: Билл Расселл, америкалық спорт тарихындағы ең атақты жеңімпаз, бүгін 88 жасында қайтыс болды, жанында әйелі Жаннин болды", - делінген баскетболшының Twitter-парақшасында.