"Неге Жалғасқа ғана?". Жұмағұловтың қарсыласы UFC-ге ренішін білдірді

20 қазан 2021, 17:45

Анголалық файтер Манел Капе қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен өтетін жекпе-жектің құлақтандыруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Капе UFC Russia өзінің инстаграм парақшасында қазақстандық спортшыға ғана қолдау білдіруге шақырғанына наразы болды.

 

"Неге Жалғасты ғана қолдайды? Мен де орыспын және орысша одан жақсы сөйлеймін. Ол тіпті жақсы борщ та жеп көрмеді, ал мен оны күнде жеймін. Бұл жеңіс менің Ресейдегі жанкүйерлеріме арналады!", - деп жазыпты Капе пост астындағы пікірге.