Спорт

Нұр-Сұлтандағы ММА турнирде жаппай төбелес болды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Нұр-Сұлтандағы аралас жекпе-жек турнирінде жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы Желіде тараған еді. Осыған байланысты kaz.vesti.kz тілшісі Жауынгерлік ММА жекпе-жегінің қазақстандық біріккен федерациясынан пікір алды.

 

"Роликті өз арнасында жариялаған адам оны сипаттай отырып, Қазақстан чемпионаты аясында болды дейді. Бірақ бұл кішкене басқаша. Турнир қалалық ашық жарыс еді. Автордың сөзінше, жанжал бір бапкер екіншісіне пышақ сілтегеннен шыққан-мыс.

 

Иә, жарыста болғандар арасында жанжал шықты, бірақ, ешқандай пышақтау болған жоқ. Бұл жағдай ойдан шығарылған. Оның үстіне мұндай деректі осы шарада тәртіпті қамтамассыз еткен ішкі істер органдары бірден тіркейтін еді. Ал техникалық регламентте залға кірмес бұрын көрермендер мен барлық қатысушаларды тексеру қарастырылған.

 

Жанжалды турнирде болған полицейлер тоқтатты және кейін жағдайды анықтады. Төбелеске не себеп болғаны бізге беймәлім. Айта кетейін, жұдырық ала жүгіргендер бапкер де, спортшы да және біздің федерация қызметкерлері емес. Турнирді Нұр-Сұлтанның жауынгерлік аралас жекпе-жектің біріккен федерациясы ұйымдастырды және өткізді, жарыс қалыпты тәртіпте аяқталды", - дейді Жауынгерлік ММА жекпе-жегінің қазақстандық біріккен федерациясының операциялық директоры Илья Кириченко.

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch




Көрілген: 2240    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2020, 10:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31