Bloody Elbow тілшісі Карим Зидан жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Біріккен Араб Әмірліктерінде халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы спортшы әрі саясаткер Сагид Муртазалиевпен кездескенін мәлімдеді.
Муртазалиев - еркін күрестен әлем, Еуропа және 2000 жылғы Олимпиада чемпионы. Спорттан кеткеннен кейін саясатқа араласты. "Единая Россия" партиясы атынан Дағыстанның халық жиналысының депутаты болды және Ресейдің Дағыстан бойынша зейнет қорының бөлімін басқарды.
2015 жылы Муртазалиевке лаңкестікті қаржыландыру мен адамды тапсырыспен өлтіру қылмыстарын ұйымдастырған деген айып тағылған.