Спорт

Нурмагомедовтің 100 мың долларға сатылған жейдесінің кімге бұйырғаны белгілі болды

  • Нурмагомедовтің 100 мың долларға сатылған жейдесінің кімге бұйырғаны белгілі болды

    Нурмагомедовтің 100 мың долларға сатылған жейдесінің кімге бұйырғаны белгілі болды

Қыркүйек айында жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нұрмагомедовтің жейдесі қайырымдылық аукционында 100 мың долларға сатылды. Бұл жейдені ол Дастин Порьемен жекпе-жектен соң киген болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

 
 
Фото: fighttime.ru

Фото: fighttime.ru

Қайырымдылық аукционында жейдені сатып алған адам аты-жөнінің құпия болып қалғанын қалапты. Алайад, 24 желтоқсанда RT Sport телеарнасының журналистері сол жейдені Ташкенттен тапқан.

100 мың долларлық жейде Өзбекстан президентінің күйеу баласы Отабек Умаровтың клубында ілініп тұр. Умаров – президент қауіпсіздігі қызметінің басшыларының бірі, Өзбекстан аралас жекпе-жек (MMA) қауымдастығының басшысы.

Ол журналистерге "Хабибтің жейдесін сыйлыққа алғанын" айтқан, бірақ оны сыйға тартқан адамның есімін атамауды жөн көрген.

Еске сала кетейік, 24 желтоқсан күні жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанның оңтүстік астанасына ұшып келді. ОЛ ММА бойынша турнирге мейман болып, алғы сөз сөйледі. Ресейлік спортшы өз сөзінде Қазақстанды екінші отанына теңеді.

"Бұл- біздің екінші отанымыз. Мұнда біреулерді жіберді, кейбіреулері көшіп келді. Қазақтар бізді өз бауырлары сияқты қабылдап, әрдайым қолдап жүрді",- деген Хабиб өз отанында "барлығы есте екенін және оны ешқашан ұмытпайтынын" тілге тиек етті.

"Сіздерге көп рахмет", -деді чемпион.

 




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.12.2019, 20:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31