Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Облыс үздіктерінің «Чемпиондар балы»

22 желтоқсан 2012, 13:52

Қарағанды – кеншілер мекені тек кенді аймақ қана емес, топырағы киелі, спорт саласына талантты ұл мен қызды сыйлаған құтты өңір. Осы дүбірлі додалардың жеңімпаздарын дүниеге әкелген Қарағандыда тұңғыш рет «Чемпиондар балы» ұйымдастырылды.
Атауы айтып, айшықтап тұрғандай, балға үздіктердің үздігі, яғни апайтөс балуандар, шойын жұдырықты бокс­шылар, жалпы, сымдай тартылған спорт­шы ұл-қыздар мен оларды бәйге атындай баптаған бапкерлер жиналды. Балда сайыпқыран спортшыларды облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов арнаулы аталымдар бойынша марапаттады.
Атап айтқанда, «Жыл аңызы» және «Жыл триумфы» аталымдарына бокс мек­тебінің негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Андрей Райш пен Лондон Олимпиадасының чем­пионы Серік Сәпиев лайық деп танылды.
«Мықты рух» аталымында халықара­лық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Паралим­пиадалық ойындарының чемпионы Арайлым Әуез теңдессіз деп танылды.
«Қарағанды облысының спортын дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымына облыстық бокс федерациясының прези­денті Жанат Түсіпбеков пен облыстық қазақ күресі федерациясының құрметті президенті Виктор Лим лайық деп та­нылды.
Ал «2012 жылдың үздік спортшысы және бапкері» деген атақ Лондон олимпиадасына қатысқан Ислам Бозбаев, Ержан Шынкеев, Максим Раков, Дмитрий Карпов, Ирина Карпова, Ольга Блудова, Вячеслав Муравьев, Владислав Яковлев, Светлана Германович сынды спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына берілді.
Сонымен қатар жыл бойы қаламдарына спорт тақырыбын арқау еткен БАҚ өкілдері, аудандық және қалалық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері де қалыс қалған жоқ.