Спорт

«Ох, Ванга ояныпты ғой»: коронавирусқа сенбеген Қуат Хамитовты оқырмандары жерден алып, жерге салуда (ФОТО)

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

Бұған дейін ломбартың жарнамасына түсіп, көпшілік алдында басы дауға қалған спортшы Қуат Хамитов тағы да сынның астында қалды. Ол коронавирусқа сенбейтінін Instagram парақшасына жазған. "Найман" лақап атымен танылған қазақстандық файтердің бұл жазбасын көріп қалған көзі қырағы оқырмандар болса, оны жерден алып, жерге салуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

"Коронавирус туралы оқиғадан кейін біз ешқашан жаңалықтарда айтылып жатқандарға сенбеуіміз қажет! Бұл вирус ойдан құрастырылған, жалған!", - деп жазба жариялаған Қуат Хамитовтың бұл тұжырымы оқырмандарына ұнамай қалған секілді. Тіпті, оның ломбард жайлы жарнама жасағанын есіне салып, "Есесіне Гарант ломбард әрдайым шындықты айтады емес пе және оларға сенуге болады ғой, иә, Қуат?", "Гарант 24? Ұят болды", - деп мысқылдап жатқандар да бар.

 

Желі қолданушылары спортшының коронавирус туралы деректерге сенбейтініне аң-таң болып, оның көзқарасына қарсы уәждерін жіпке тізді.

 

Мәселен, "Егер өтірік болса, неге футболды тоқтатып тастады? Осыған жауап берші, өтірік, ойдан шығарылған болса", "Аға, сіздің жазғаныңызды көпшілік оқиды. Мұндай дүниелерді жазбаңыз, мұның соңы жақсылыққа апармайды","Бүкіл әлем іс-шаралар өткізуден бас тартты. Футбол матчтары, хоккей, концерттер, тіпті, UFC деп жұрт алдына шығатын сәттерін белгісіз уақытқа шегеріп жатыр. Саясаткерлердің ойыны дегеніңіз сандырақ! Сіз бүкіл әлемдегі саясаткердің бәрі келісіп алған деп ойлайсыз ба!?".

 

"Егер сол рас болса, жоғарыда отқан шенеуніктерге жұқсын, министрлерге, депутаттарға жұқсын!", "Ох, Ванга ояныпты ғой", "Херня болса Қытайға қыдырып қайтсай", "Соншалық ақымақ, айтар сөзім жоқ", "Наймандарда қанда антивирус бар дейді. Ол жылқы етімен қымыз және дерзкий дух", - деп жазды Instagram-дағы спортшының оқырмандары.

 




Көрілген: 1087    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 09:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31