Олимпиада барысында 246 адамнан КВИ анықталды

31 шілде 2021, 23:35

Олимпиада басталғаннан бері жарысқа қатысушы немесе оны ұйымдастырушылар арасында коронавирус жұқтырудың 246 жағдайы анықталды. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлады.

 

«Олимпиадада COVID-19 жұқтыру фактілерін тіркеу жалғасуда. Токиода соңғы тәулікте 21 адам коронавирусқа шалдықты. Олардың арасында жазғы Олимпиада ойындарына қатысушылардың жоқтығы қуантады. Олимпиада басталғаннан бері жарысқа қатысушы немесе оны ұйымдастырушылар арасында коронавирус жұқтырудың 246 жағдайы анықталды» делінген хабарламада.

ҚазАқпарат