Спорт

Олимпиада чемпионы бапкерін төрт жыл бойы зорлап келді деп айыптады

  • © Yang Shiyao globallookpress.com

    © Yang Shiyao globallookpress.com

Оңтүстіккореялық шорт-трекші Сим Сок Хи бапкері Чо Чже Бомды өзін зорлады деп айыптады.


Чо Чже Бом өзі жаттықтырған Олимпиада чемпионы Сим Сок Хиді 17 жасынан бастап зорлап келген. Қыздың адвокатының айтуынша, бапкер азғындық әрекетін тек 2018 жылдың қаңтарында – Пхенчхандағы Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда ғана тоқтатқан, деп хабарлайды CNA.


21 жастағы Сим Сок Хи зорлық көргені туралы сот тыңдауында мәлімдеді. Бұған дейін Чо Чже Бом қарамағындағы спортшыны ұрып-соқты деп айыпталған екен.


"Бұл қорқынышты қылмыс. Біздің қоғам оны жазасыз қалдырмауы керек", — деді Олимпида чемпионының қорғаушысы журналистерге.


Сондай-ақ, адвокат Чо Чже Бомның азғындық әрекетті мемлекеттік жаттығу орталықтарында да жасағанын мәлімдеді. Заңгер спортты басқарудың қазіргі жүйесінде жас спортшылар жеткілікті деңгейде қорғалмағанын атап өтті.


Сим Сок Хи — екі дүркін Олимпиада чемпионы. Кореялық бойжеткен алғашқы алтынын Сочидегі Олимпиадада жеңіп алды. Ал екінші алтын төрт жылдан кейін Пхенчханда өткен ойындарда бұйырды.


Sputnik


 




Көрілген: 855    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.01.2019, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30