Олимпиада чемпионы тізе бүгіп, алтын медалін әкесіне берді – жантебірентерлік видео

31 шілде 2021, 16:50

Панипак Вонгпаттанакит Токио Олимпиадасында Тайланд үшін алғашқы алтын медальды ұтып, жеңісін әкесіне арнады.

 

Вонгпаттанакит тхэквондодан "алтын" алған Таиландтың алғашқы спортшысы атанды.

 

 

Қыз Пхукет аралына келгеннен кейін құрмет пен алғыстың белгісі ретінде әкесінің алдында тізе бүгіп, аяғына бас иіп, жеңіп алған медалін табыстады.

 

Спортшы өзінің жеңісі ата-анасының еңбегі мен мейірімінің нәтижесі екенін атап өтті.

 

Айта кетейік, Панипак Вонгпаттанакит Токио Олимпиадасының финалында 49 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде испаниялық Адриана Керезо Иглесиасты жеңді.

 

23 жастағы спортшы Олимпиада тарихында Таиланд үшін 10-шы медальды жеңіп алды, сонымен қатар өз елінің атынан тхэквондодан "алтын" алған алғашқы спортшы болды.

 

 

 

sputnik.kz