Спорт

Өзбекстан туын лақтырған қырғыз төрешісі дауға қалды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қырғызстанның Ош облысында өткен Wef Proffight турнирінде өзбек және қырғыз файтерлері араздасып қалды. Артынша іс қылмыстық іс қозғалып, дау қос елдің сыртқы істер министрліктерінің араласуына дейін жетті. Бұл туралы Podrobno.uz жазады.


Өзбекстандық Абдулазиз Камилов пен қырғызстандық Чингиз Айдарбеков жекпе-жекке шығып, өзбек спортшысы жеңіліс тапқан. Алайда ол төрешілер бұра тартты деген оймен Өзбекстан туын басына көтермек болған. Осы кезде судья бұл ісіне рұқсат бермей, арада жанжал туған. Төреші тіпті оның қолындағы туды тартып алып, октагоннан тыс жерге лақтырып жіберген.



Кездесуден кейін өзбек файтері Instagram желісінде қырғызстандықтардың намысына тиетін сөз жазған, алайда кейін жазбасын өшіріп тастаған.


Артынша іске төрешінің өзі аралсып, өзбек халқынан кешірім сұраған видеосын жария етті. Ол өзбек халқына құрметпен қарайтынын айтып, өз ісінің, яғни өзбек спортшысына ту көтеруге рұқсат бермегені дұрыс болмағанын мойындады.


Іс кешірім сұраумен бітпеген. Қырғызстанда Қылмыстық кодекстің 313-бабы - "Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңіраралық араздықты қоздыру" бойынша соталды іс қозғалған.


Ал қос елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкіллері бұл жағдайда телефон арқылы талқылап, істің мән-жайын анықтау және жағдайды реттеу бойынша келісімге келген.


 kaz.vesti.kz




Көрілген: 1320    Пікірлер: 0

жұма, 23.08.2019, 16:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30