Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Паралимпиада чемпионы Александр Колядин допинг қолданғаны үшін шеттетілді

10 ақпан 2021, 02:12

Тәуелсіз Қазақстан тарихында қысқы Паралимпиада ойындарында ең алғашқы алтын медальді иеленген Александр Колядиннің сынамасынан допинг табылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

47 жастағы спортшы мельдоний қолданған. Ол үш жылға - 2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 13 қаңтарына дейін спорттан шеттетілді.

 Еске салайық, Колядин 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы Паралимпиада ойындарында классикалық стильдегі 1,5 шақырымдық спринтте бірінші орын алып, алтын медаль жеңіп алған еді.