Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының жарыс кестесі жарияланды

17 қаңтар 2022, 16:52

4 ақпан күні Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Алайда қазақстандық спортшылар барлық спорт түрінен өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Пекиндегі Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасына жіберілген құрамнан әлдеқайда аз. Іріктеу кезеңінен хоккейшілер өте алмаған. Сонымен қатар шаңғы спорты, скелетон, мәнерлеп сырғанау, фристайлдың кей түрлері, бобслей, керлинг және сноуборд сынды жарыс түрлерінде Қазақстан өнер көрсетпейді. 

Олимпиада ойындары ашылу салтанатынан бұрын, 2 ақпанда басталады. Алғашқы медальдар 5 ақпан күні сарапқа салынады. Ал 20 ақпанда Олимпиаданың жабылу салтанаты өтеді. 

Биатлон

7 ақпан – әйелдер жеке жарысы;

8 ақпан – ерлер жеке жарысы;

11 ақпан – әйелдер спринті;

12 ақпан – ерлер спринті;

16 ақпан – әйелдер эстафетасы.

Тау шаңғы спорты

6-19 ақпан – негізгі сайыс (ерлер, әйелдер);

Конькимен жүгіру

5 ақпан – 3 шақырым (әйелдер);

7 ақпан – 1 500 метр (әйелдер);

8 ақпан – 1 500 метр (ерлер);

13 ақпан – 500 метр (әйелдер);

17 ақпан – 1 000 метр (әйелдер);

18 ақпан – 1 000 метр (ерлер);

19 ақпан – масс-старт (ерлер, әйелдер).

Шаңғы жарысы

5-19 ақпан – негізгі жарыс (ерлер, әйелдер).

Шаңғы қоссайысы

9, 15 ақпан – ерлер жарысы.

Шаңғымен трамплиннен секіру

5 ақпан – ерлер сайысы;

6 ақпан – негізгі сайыс;

12 ақпан – негізгі сайыс;

14 ақпан – топтық сайыс.

Фристайл

5 ақпан – могул, ерлер;

6 ақпан – могул, әйелдер;

13 ақпан – шаңғы акробатикасы, әйелдер;

14 ақпан – жаңғы акробатикасы, әйелдер (финал);

15 ақпан – шаңғы акробатикасы, ерлер;

16 ақпан – шаңғы акробатикасы, ерлер (финал).

Шорт-трек

5 ақпан – аралас эстафета (¼ және ½ финал); 1 000 метр;

7 ақпан – 1 000 метр, ерлер;

9 ақпан – 1 000 метр, әйелдер; 1 500 метр ерлер (¼, ½ және финал);

11 ақпан – 1 000 метр, әйелдер (¼, ½ және финал); 500 метр ерлер;

13 ақпан – 500 метр, ерлер (¼, ½ және финал);

16 ақпан – 1 500 метр, әйелдер (¼, ½ және финал).