Полицейді көлігімен қаққан Нурмагомедовтің UFC - дегі келесі кездесуі белгіленді

19 қараша 2021, 18:31

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін ресейлік Умар Нурмагомедов келесі кездесуін 19 наурыз күні UFC Fight Night күні өткізеді. Оның қарсыласы британдық Джек Шор болады.

 

Еске салайық, 25 жастағы Умар Нурмагомедов UFC ұйымындағы бірінші кездесуін 2021 жылдың қаңтарында өткізіп, қылқындыру әдісімен екінші раундта қазақстандық Сергей Морозовтан үстем түсті. Жалпы ол аралас жекпе-жекте 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

 

Ал 26 жастағы Шор болса соңғы кездесуін UFC Fight Night 191 турнирінде өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша Людик Шолияннан айласын асырды. Джек аралас жекпе-жекте 16 кездесу өткізіп, барлығында қарсыластарынан үстем түскен.

 

Еске салайық, өткен аптада Умар Нурмагомедовті Мәскеудегі әуежайда полицияға қоқан-лоқы көрсетті деген айыппен, қамауға алынды деген ақпарат шыққан еді. Бірақ кейіннен оның тек куәгер екені анықталды.

 

 

kaz.vesti.kz