Порножұлдыздардың жекпе-жегі UFC турнирінен 10 есе асып түсті

23 мамыр 2022, 23:05

Ресейлік порножұлдыздар Елена Беркова мен Лола Тейлор арасында ММА ережесі бойынша өткен жекпе-жек кеші UFC Fight Night 206 көрсетілімінен асып түсті. Бұл туралы vesti.kz тілшісі Kp.ru сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Қос актриса 18 мамырда Epic Fighting турнирінде айқасты.

 

Бір қызығы екі арудың арасындағы жекпе-жекті бір мезетте төрт миллион көрермен тамашаласа, дәл сол уақытта өткен UFC турнирін небәрі 400 мың көрермен тамашалаған.

 

Бұл ақпаратты Mediascope растап отыр.

 

Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 206 бәсекесінде Кэтлин Виера (13-2) төрешілер шешімімен Холли Холмды (14-6) жеңді.

 

Ал Ресейдегі кеште Тейлорды жеңген Беркова залда отырған балерина Анастасия Волочкованы жекпе-жекке шақырды. Балерина болса ол ұсыныстан бас тартты.

 

Беркова мен Тейлор кездесуін 1:35:34 секундтан бастап көре аласыздар.