Француздық "Пари Сен-Жермен" клубы команда ойыншысы Адриен Рабьоны әлеуметтік желіде "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы қорғаушысы Патрис Эвраның жазбасына лүпіл басқаны үшін жазалады деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Клуб басшылығы футболшының бір апталық жалақысын бермейді.
Ертерек Рабьеоны 15-20 наурыз аралығындағы жаттығудан шеттеткен.
Айта кетейік, "Пари Сен-Жермен" Чемпиондар лигасының 1/8 финалында екі ойын қорытындысы бойынша "Манчестер Юнайтедке" жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.