Рахмонов Головкинге қатысты шындықты айтты

17 наурыз 2023, 10:28

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің неге көпшілікпен кездеспейтінін түсінетінін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

- Геннадий Головкин қазақстандық жанкүйерлер, БАҚ үшін айтарлықтай жабық. Ал танымалдылығыңды сен қалай қабылдайсың және АҚШ-та жүргенде қазақстандықтармен қаншалықты жиі араласасың?

 

- Головкинді түсінемін, әрдайым жаттығу жасау керек болғанда шаршайсың, психологиялық түрде де тынығу керек. Арнайы барып, біреумен сөйлесу, суретке түсу, сұраққа жауап беру - бұл қиын. Күшіңді алып қояды. Онсыз да жаттығудан шаршап келесің. Әрине жанкүйерлерді де түсінемін, бірақ жауап беруге әрдайым күш бола бермейді.