Қазақстандық Сергей Морозов пен Шавкат Рахмонов қатысатын UFC 254 турнирінің басталатын уақыттары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
 
Турнир 24 қазан күні Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" өтеді. Бастапқы кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен 20:15-те басталады. Бұл кездесуде қазақстандық Сергей Морозов пен Умар Нурмагомедов шығу керек. Бұл екі спортшы үшін де ұйымдағы бірінші кездесу болуы керек еді. Бірақ 18 қазан күні Морозовтың қарсыласы Абу-Даби емханаларының біріне түсіп қалды. Енді ол бұл турнирге өнер көрсетпейтін шығар. Қазіргі уақытта Морозовқа басқа қарсылас іздестіріп жатыр.
 
Ал негізі жекпе-жектер Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. Бұл кездесулерде Шавкат Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы жекпе-жек өткізеді.
 
Турнирдің басты кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен 23:30-да басталады. Басты айқаста жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи кездеседі.