Рахмонов UFC үздігіне қарсы айқас алдында мәлімдеме жасады

25 мамыр 2022, 13:45

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов (15-0) YouTube арнасын ашты. Жеңілмеген спортшы бірден алдағы айқасына қатысты видео жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

- Алдағы жекпе-жекке дайындық қалай өтуде?

 

- Жаттығу ойдағыдай, қазіргі жиын Алматының тауларында өтіп жатыр. Жекпе-жекке шыққанда білінеді қандай жағдайда екенім.

 

- Қазіргі таңда бапкерлеріңіз кімдер?

 

- Қазіргі таңда DAR Pro Team клубының жеке бапкерлері - Азиз Разыев пен Эдуард Базров. Азизбен соққы техникасын, жалпы жоспар құрамыз. Эдуардпен күрес жағынан.

 

- АҚШ-қа қашан аттанасыз?

 

- Жекпе-жекке бір ай қалғанда, 25 - 26 мамырда.

 

- Қазақ халқы және қолдаушыларыңызға айтарыңыз бар ма?

 

- Қазақ халқына біз сияқты жауынгерлерді қолдап, қуаттағандарыңыз үшін үлкен алғысымды айтамын. Қолдауларыңызды сеземін, сол үшін қолдан келгенше жұмыс жасап, алдағы жекпе-жектердегі жеңісті сыйлағым келеді.