Рахмоновтың қарындасы көз арбасуда қарсыласын итеріп жіберді. Видео

29 желтоқсан 2021, 10:57

Қазақстандық ММА шебері Сора Рахмонова Өзбекстаннан келген Хилола Собированы көз арбасу кезінде итеріп жіберді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

 

Көз арбасу сәтінде қарсыласына жақын тұрған Рахмонова өзбек спортшысын итеріп жіберді. Артынша төбелес басталып кете жаздады. Алайда ұйымдастырушылар қос тарапқа мүмкіндік бермеді. Спорттық іс-шарада  Сораның ағасы Шавкат Рахмоновтың да болғанын айта кеткен жөн.

 

 

Еске салайық, бүгін 29 желтоқсанда Алматыда NAIZA 36 турнирінде Рахмонова карьерасындағы үшінші айқасын өткізеді. Ол осыған дейін бір рет жеңіліп, бір мәрте жеңіске жеткен болатын. Ал Собирова болса аралас жекпе-жектегі тырнақ алды қадамын жасамақ.