Спорт

Рамзан Кадыров Хабиб Нурмагомедовтің әкесіне Mercedes сыйлады

  • Рамзан Кадыров Хабиб Нурмагомедовтің әкесіне Mercedes сыйлады

    Рамзан Кадыров Хабиб Нурмагомедовтің әкесіне Mercedes сыйлады

Ресейлік спортшы, жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесіне Шешенстан президенті Рамзан Кадыров Mercedes көлігін сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Instagram-да спортшы Кадыровқа алғыс білдіріп, оны "бауырым" деп атады.


"Осындай сыйлық Шешенстаннан әкеме келді. Көп рақмет сыйлық үшін. Оған қоса менің әкеме, маған және Дағыстандағы басқа азаматтарға назар аударып жатқаныңызға алғыс білдіремін. Мен сіздің Дағыстан халқына жасаған қамқорлығыңызды көріп жүрмін", - деді Хабиб Нурмагомедов.


2018 жылы Кадыров бес жастағы балаға Mercedes көлігін сыйлаған. Ол кеудесін жерден төрт мың рет көтерген. Қаңтарда дағыстандық спортшы Қарағандыға келіп, "Таңшолпан" балалар үйіне барды. Хабиб өзін балалар үйіне шақырған Александр Корогодовтың анасымен дүкенде кездесті. Ол сатушыдан шоколад сатып алды.


"Хабиб өзіне назар аудартпау үшін, ешкімге хабар бермей келді", - деді Александр.


29 қаңтарда Неваданың Атлеттер комиссиясы Нурмагомедовке тоғыз айға жарыстарға шығуға тыйым салған еді. Оған қоса, спортшыға Конор МакГрегорға жеңгеннен кейін жаппай төбелесті ұйымдастырғаны үшін 500 мың доллар айыппұл салынды. Спортшының жарыстарға шықпау туралы шектеу шарасы 17 қазаннан басталады.




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 16:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30