Спорт

"Реал Мадрид" өз алаңында "Барселонаны" тізе бүктірді (фото, видео)

  • "Реал Мадрид" өз алаңында "Барселонаны" тізе бүктірді (фото, видео)

Күні кеше Испанияның ең мықты командалары мадридтік "Реал" мен "Барселона" арасында матч өтті. Күллі әлем асыға күткен эль-классикода корольдік клуб сенімді түрде жеңіске жетті. Зинедин Зиданның ойыншылары каталониялық қарсыластарын өз алаңында тізе бүктіріп, Испания чемпионатының көшін бастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: vk.com

Фото: vk.com

Мадридтік "Реал" мен "Барселона" арасындағы кездесу Испания астанасында әйгілі Сантьяго Бернабеу стадионында өтті. Бірінші таймда қос команда да бірқатар өткір шабуыл жасағанымен ойынның есебін аша алмады.

Матчтің екінші таймында алаң қожайындары қарсыластарына қарағанда белсенді болып, ойынды өз иелігіне алған. Нәтижесінде кездесудің 71 минутында "Реал" сапындағы Винисиус Джуниор қарсыластарының қақпасына гол соқты. Болашағынан зор үміт күттіретін жас ойыншы соққан гоолын әйгілі Криштиану Роналдудың стилінде тойлаған.

Фото: vk.com

Фото: vk.com

Артынан 90 минутта ойынға Карим Бенземаны алмастырып шыққан Мариона Диаз есепті еселеді. Шабуылшы матчке кіре сала Тер Штегеннің қақпасына дәл тиген.

 
 
Фото: vk.com

Фото: vk.com

Көпшілік асыға күткен эль-классико 2:0 есебімен алаң қожайындарының жеңісімен аяқталды. Бұл кездесуге дейін корольдік клуб Ла Лига кестесінде "Барселонадан" екі ұпайға қалып, екінші орында келе жатқан. Енді соңғы жеңісінің арқасында Зинедин Зиданның жігіттері каталониялықтардан бірінші орынды тартып алып, Испания чемпионатының көшін бастады.

Айта кетерлігі, кеше аталмыш матчті Криштиану Роналдудың өзі келіп тамашалаған. "Реалдың" экс-шабуылшысы арнайы Мадридке келіп, бұрынғы әріптестеріне қолдау білдіруге келген.

Еске сала кетейік, бұған дейін мадридтік "Реал" Испания суперкубогінің жеңімпазы атанған болатын.

 

 




Көрілген: 287    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 09:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31