Ресей мен Беларусь биатлоншылары халықаралық жарыстардан шеттетілді

02 наурыз 2022, 16:23

Ресей 2021/2022 жылғы маусымдағы қалған барлық жарыстарға қатысудан бас тартты

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Ресей мен Беларусь елінің спортшыларын халықаралық жарыстардан шеттеді. Бұл туралы одақтың баспасөз қызметі хабарлады.

 
«Кеше кешке IBU Атқарушы кеңесі (EB) Украинаға қарсы жалғасып жатқан соғыс пен ХОК-тің соңғы ұсыныстарына байланысты Ресей мен Беларуське қарсы қабылданатын әрекеттерді келісу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

IBU өзінің ресми сайтында таратқан ақпаратында 17 наурыз күні өтетін атқарушы комиссия жиынында Ресей мен Беларусьті тіпті одаққа мүшеліктен де шығарып тастауы мүмкін екенін жазылған.

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық биатлоншылар одағы Ресей мен Беларусь елінің спортшыларына өз елінің туын, әнұранын қолданбай, бейтарап спортшы ретінде қатысуға рұқсат берген. Содан соң Ресей құрамасы 2021/2022 жылғы маусымдағы қалған барлық жарыстарға қатысудан бас тартты.