Спорт

Республикалық турнирде асыл тұқымды ат мәреге жеткенде өліп кетті (видео)

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Елордада ұлттық ат спорты түрлерінен өткен республикалық турнир кезінде асыл тұқымды сәйгүліктің бірі "үлкен аламан" бәйге кезінде мәреге жетіп, өліп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, турнирге қатысып жатқан ат мәреге жеткенде кенеттен теңселіп, жерге құлап түскен. Оның аяқ астынан өлген сәті камераға түсіп қалған.

 

Телеарнаның мәліметінше, "үлкен аламан" бәйге нағыз тұлпарлар сыналатын жарыс. Бұл сында 31 қатысушының тек 17-сі ғана 25 шақырымдық қашықтықты еңсере алған.

 

Орын алған жағдайға ат спорты бойынша жаттықтырушы Секенай Бөбекбай пікір білдірді.

 

"Ол құлап өлді, демек дайын болмаған. Бұған жаттықтырушы кінәлі. Демек, ол жылқының жан дүниесін сезінбейді. Егер бапкер жақсы болып, жануарды тиісінше баптаса, ат өлмейді. Оның үстіне қазір күздің бел ортасы", &ndash дейді маман.

 

Турнирге Қазақстанның әр аймағынан жүзден астам шабандоз қатысқан. Олар төрт қашықтықтан тұратын: "жорға жарыс", "құнан бәйге", "кіші аламан" және "үлкен аламан" бәйге бойынша сынға түскен.

 

Турнирдің жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құраған.

 

Ескерту! 18+!

 




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 16:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31