Спорт

Сабина Алтынбекова европалық клубқа ауысты

  • https://ok.ru/profile

    https://ok.ru/profile

Отандық танымал волейболшы ару Сабина Алтынбекова италиялық "Volalto Caserta" волейбол клубымен келісімшартқа отырып, оның жаңа ойыншы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Белгілі болғандай, келісімшарттың жарамдылығы екі жылды құрады. Сабина Алтынбекова жаңа волейбол клубының құрамына өткені жайлы жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Қазақстандық волейболшы арудың сөздерін италиялық клуб толығымен растап, өзінің жаңа мүшесі туралы ресми сайтында хабарлады.

 

Клуб хабарламасында келісімшарт екі жылға созылатыны айтылды. Келесі жылы Сабина Алтынбекова Италияның волейболдан әйелдер арасындағы лигасы А1 Cериясында өнер көрсететін болады.

 

Оған қоса, италиялық клуб қазақстандық спортшы ару команда "келбеті" болып, оның имиджін бекітетін болатынын жеткізі. Клуб қазақ қызының әлеуметтік желідегі танымалдылығы мен ауқымды аудиториясын ерекше атап өтті.

 

ФОТО:  www.instagram.com/p/CCNoGecorPr/

 

Айта кетейік, Алтынбекова үшін "Volalto Caserta"мансабындағы үшінші шетел командасы болып отыр. Бұған дейін ол 2015 жылы Жапония лигасындағы екінші CSS Sunbeam командасында, 2019 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің "Аль-Васл" клубында өнер көрсетті.

 

Ал өз отанында волейболшы "Алматы" командасында ойнады.


 




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.07.2020, 00:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31