Спорт

Сабина Алтынбекова карьерасын қай командада жалғастыратыны белігілі болды

  • Фото: Instagram Сабины Алтынбековой©

    Фото: Instagram Сабины Алтынбековой©

Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова карьерасын қайда жалғастыратыны белгілі болды. Ол БАӘ біріншілігінде өнер көрсететін "Аль-Васл" командасына қайта қосылуы мүмкін. Бұл туралы Liter.kz хабарлап отыр.

 

Қазір волейболшы қыз дубайлық команданың қатарына қайта қосылуы үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Айта кетейік, Алтынбекова бұл команда сапында 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың маусымы арасында ойнаған. Содан соң ол италиялық "Казерта" командасына ауысты. Бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты бұл команда сапында бірде-бір ойынға қатыса алмады. Сосын пандемия басталып, ол командасыз қалып кетті.

 

Еске салайық, желтоқсан айында Алтынбекова Саят Салманұлына тұрмысқа шықты. Олар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тамақ беріп, тойларын атап өтті. Волейболшы тұрмысқа шыққанына қарамастан сол кезде карьерасын ары қарай жалғастыратынын мәлімдеген болатын.

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 23:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28