Спорт

Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовпен қарым-қатынасы туралы айтты

  • © Photo : Instagram

    © Photo : Instagram

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова ММА спортшысы Қуат Хамитовпен қарым-қатынасы туралы жанкүйерлерінің сауалына жауап берді.

 

Бұған дейін "Найман" лақап атымен танылған Хамитов Сабина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтты. Алтынбекованы өзінің әйелі ретінде көретінін жасырмады.

 

"Мен әрқашан Қуатты адалдығы мен турашылдығы және бойындағы қазақ батырының рухы үшін құрметтедім және құрметтеймін. Ол өзінің спорттағы мақсаттарына қол жеткізетініне күмәнім жоқ", - деп жауап берді волейболшы.

 

Алайда екеуінің арасында қандай қарым-қатынас бар екенін толық айтпады.

 

Сабина Алтынбекова Instagram желісінде жанкүйерлерінің "Сіз Қуат Хамитовпен кездесесіз бе?" деген сауалына жауап берді.

 

"Жоқ. Мен Қуатты өмірімде бір рет қана көрдім", - деп жазды ол.

 

Сонымен қатар бойжеткен өмірде адамның өз таңдауына адал болуы маңызды екенін жазды. Оның басты мақсаты &ndash лайықты өмір сүру.

 

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова 2014 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін желіде ең "сымбатты" спортшы ретінде танылды.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1848    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.11.2020, 13:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31