Сабина Алтынбекова өміріндегі ең маңызды ер адамды көрсетті
Қазақстандық белгілі волейболшы қыз Сабина Алтынбекова өміріндегі ең маңызды ер адамды көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
 
Ол адам әлеуметтік желі арқылы сезімін жасырмай паш етіп жүрген аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов емес, спортшы қыздың әкесі екен.
 
"Өмірімде ең маңызды ер адамды туған күнімен құттықтаймын. Алла сізді қолдасын, әкем", - деп жазыпты Алтынбекова Instagram желісінде.