Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында жаңа суретін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жолы бұрымды қыз сторисіне қызыл көйлекпен түскен фотосын жүктеді.
Еске салайық, Алтынбекова 2021 жылы кезінде ойнаған (2019-2020) "Әл-Васл" (БАӘ) клубына қайта баруы тиіс еді.
Сонымен қоса, отандасымыз Италияның "Казерта" командасында өнер көрсету керек болған. Алайда италиялық ұжым қаржы дағдарысына ұшырап, Сабина Алтынбекова бірде-бір матч өткізе алмады. Пандемия басталған соң ол клубсыз қалды.