Спорт

"Сабинадан асып кетті": сұлу волейболшы қыздың суреті мен видеосы жарияланды

  • "Сабинадан асып кетті": сұлу волейболшы қыздың суреті мен видеосы жарияланды

Алиса спортпен бірге сән бизнесін де алып жүр, сан алуан шоулар мен сәнді киімдер таныстырылымына жиі қатысып тұрады. "Gazzetta" атты грек басылымы ғаламшардағы ең сұлу волейболшы қызды атады. 25 жастағы ресейлік спортшы Алиса Маненок қазақстандық Сабина Алтынбековадан озып кетті. Бойжеткеннің суреті мен видеосы жарияланды.

Алиса 14 жасынан бастап спортпен айналысады. Бас кезінде жүзуге барған. Бірақ артынан волейболға ауысып кетті. Николай Дубинин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында білім алды. "Приморье" командасының құрамында ойнады. Ал Қазан федералдық университетінің журналистика және социология факультетіне түскеннен кейін жоғары оқу орнының құрамасына қабылданды, деп хабарлайды Sports.kz


Алиса спортпен бірге сән бизнесін де алып жүр, сан алуан шоулар мен сәнді киімдер таныстырылымына жиі қатысып тұрады. 2013 жылы алғашғы титулы - "Приморье аруы" атағын жеңіп алды. Екі жылдан кейін тағы екі конкусқа қатысып, Miss Beautiful Body атанды. Сосын "Татарстан аруы" байқауында екінші орынды иеленді. Одан кейін бірінші вице-мисс атанып, Supermodel International конкурсында бір атақ жеңіп алды.


2018 жылы Алиса Маненок Ресейдің атынан World Beauty Queen конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болды.


2019 жылы Алиса  "Жер аруы" халықаралық конкурсына қатысты. Ол жерде Беларусьтың атынан шықты. Себебі әкесі осы елде дүниеге келген, туған-туыстарының басым бөлігі де сонда тұрады. Манилада өткен байқауда Алиса төртінші орынды иеленді. 

Алиса жеке өмірі туралы ештеңе айтпайды. Әлеуметтік желіге де ер адаммен бірге түскен сурет салмайды.

Қазіргі кезде Маненок Қазан қаласында тұрады. Қазан университетінің командасында. Сондай-ақ, модель болып жұмыс істейді. Спортшының Instagram парақшасына 97,9 мың адам жазылған.




Көрілген: 3786    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 21:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30