Садақ ату спортшысы Ильфат Абдуллин Токио Олимпиадасын аяқтады

31 шілде 2021, 09:32

Бүгін, 31 шілде күні Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер арасында жекелей сынның 1/8 финалы өтті.

 

Қазақстандық спортшы Ильфат Абдуллин аталған бәсекеде қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

 

Ильфат Абдуллин жарыстың 1/8 финалында қытайлық Ли Джуа Лунмен бәсекеге түсті.

 

Тартысты кездесу негізгі сетте тең 5:5 есебімен аяқталды.

 

Кездесу жеңімпазын анықтау мақсатында берілген соңғы мүмкіндікте қытайлық қарсыласы 10, отандасымыз Ильфат 8 ұпайды көздеді. Нәтижесінде жарыс 6:5 есебімен аяқталып, Ильфат Абдуллин келесі айналымға өте алмады.

 

 

 

24.kz