Садақ атудан Қазақстанның ерлер құрамасы Олимпиададан шығып қалды

26 шілде 2021, 09:30

Енді қазақстандық садақшылар жеке жарыстарда медаль алу үшін сынға түседі

Садақ атудан Қазақстанның ерлер командасы Токио Олимпиадасындағы командалық сайысты аяқтады.

1/8 финалда Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганькин Үндістан құрамасынан 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Үндістан командасы енді Олимпиада турнирінің жартылай финалына шығу үшін Оңтүстік Кореямен ойнайды. 

Енді Мұсаев, Абдуллин және Ганькин ертең басталатын жекелей сайыстарда бақ сынайды.

Еске сала кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасында спорттың 28 түрінен 98 лицензия бар. Әзірге Қазақстанның Олимпиада құрамасы екі қола медаль жеңіп алды – дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Игорь Сон жеңіс тұғырынан көрінді.

sputnik.kz