Спорт

Сал болып туған қазақстандық каратэден қара белбеу иегері атанды

  • Сал болып туған қазақстандық каратэден қара белбеу иегері атанды

    Сал болып туған қазақстандық каратэден қара белбеу иегері атанды

 Нұр-Сұлтанда бала кезінен церебралды сал ауруы (церебралды паралич) диагнозы қойылған 32 жастағы тұрғын каратэден қара белбеудің иегері болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айдос Медьянов сал болып туылған. 13 жасына дейін мүлдем жүре алмаған. Төсек тартып жатқан кезінде кинотуындылардағы Брюс Ли, Джеки Чан, Джет Ли сияқты актерлерге еліктеген екен.

"Негізі дəрігерлер ата-анама мені ешқашан жүрмейді деп айтты. Балада ешқандай мүмкіндік жоқ жүретініне деген. Бала кезімнен осындай шығыс күреске қызығатынмын. Сол кезде Астанада және бұрынғы Ақмолада бүкіл мектептерді іздеп, бірақ та бірде-бір мектеп осындай адамды, мүмкіндігі шектеулі баланы ешкім қабылдаған жоқ", – деді Айдос Медьянов.

2012 жылы Айдос "Каратэ барлығы үшін" деген бағдарлама жайлы естіп, жаттықтырушыны тауып алады. Шығыс жекпе-жегіне жазылып, үзбей қатысады. Мақсатына берік жігіт арманына деген зор сенімінің, қайсар мінезі мен жақындары, сондай-ақ жаттықтырушысының арақсында екі балдағын тастайды.

"Айдос құлаған сəттер болды. Достары көтеріп, көмектескісі келетін. Мен өзі тұрсын деп рұқсат бермедім. Ол бəрімен бірдей жаттықты. Айдостың рухы мықты, айтқанынан қайтпайтын қайсар мінезді жігіт", – деді жаттықтырушы Рүстем Сұлтанбек.

Бос уақытында Айдос жапон тілін үйренеді. Айтуынша, каратэ отаны Жапонияға баруды көптен бері армандап жүр.

Қос аяққа нық тұруға көмек болған каратэмен Айдос əрі қарай да айналыспақ. Ал болашақта сал болып туған балаларға дəл осындай мектеп ашуды армандайды. Олар да төрт қабырғада қамалып отырмай, толыққанды өмір сүруін қалайтынын айтады.




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 08:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31