Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сарапшы Сергей Морозовтың жеңісі туралы пікірін айтты

22 желтоқсан 2022, 08:53

Нидерланды елінің сарапшысы Марсел Дорф Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында UFC ұйымында жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Сергей Морозовтың (19-5) соңғы жеңісі туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Морозов өткен демалыс күні Лас-Вегаста (АҚШ) америкалық Джурни Ньюсонмен (10-4) кездесіп, жеңіске жеткен болатын.

 

"Сергей өте мықты өнер көрсетті. Ол барлық раундта қарсыласын бақылауда ұстады. Сонымен қатар ол тейкдаунды көп істеп, белсенді болды. Негізі айқын үстемдікті байқамадым. Тек қарсылас әлсіз екен. Тіпті Морозов күшін үнемдеп айқасты деп ойлаймын. Оның өзі дұрыс шығар. Себебі, Сергейге бастысы нәтиже болды", - деді Дорф.