Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сары ала добымыз самғай алмады

21 желтоқсан 2012, 11:55

Биылғы жыл Қазақстан волейболшылары үшін аса сәтті болмады. Өйткені әйелдер арасындағы да, ерлер арасындағы да ұлттық құрамаларымыз Лондон Олимпиадасына қатыса алмады.
Иә, ХХХ жазғы Олимпиада ойындары биылғы жылғы мәртебесі бәрінен биік дүбірлі дода еді. Десек те, қыздарымыздың Азия кубогында үшінші орынға ие болып, 2013 жылғы бүкіләлемдік «Гран-при» до­дасына қатысу құқығын жеңіп алғанда­рын айта кетуге тиіспіз.
Осы орайда айта кетейік, биыл ересек­тер арасында Азия кубогы өтті. Яғни Азия чемпионаты өткен жоқ. Ал ерлер арасын­дағы ұлттық құрамамыз Азия кубогына қатыспай, ХІХ «ҚР Президенті кубогында» екінші орынға ие болды.
Есесіне, ізбасарларымыз әр жас мөл­шерін­дегі Азия чемпионаттарына қатысып, тәжірибе жинақтап қайтты. Мысалы, биыл­ғы Азия чемпионатында 19 жасқа дейінгі жігіттеріміз 9-орынға табан тіресе, 17 жасқа дейінгі бозбалаларымыз 10-орын­мен шек­телді. Ал 18 жасқа дейінгі бой­жеткен­деріміз де, 16 жасқа дейінгі қыз­дары­мыз да «Сары­құрлық» бірінші­лігінде 7-орынға ие болды.
Клубтық Азия чемпионатында негізін ұлттық құраманың ойыншылары құраған «Жетісу» клубының қыздары – әйелдер ара­сында, ал «Алматы» клубының жігіттері ер­лер арасында 4-орынды иеленді.
Волейболшыларымыз бұдан да басқа бірнеше халықаралық додаларға қатысып келді. Солардың ішінде 17 жасқа дейінгі бозбалаларымыздың Австрияда өткен волейбол фестивалінде бірінші орынға ие болып, «Грация-KZ» (Орал) клубының Венгрияда өткен 20 жасқа дейінгі қыздар арасында он алтыншы рет өткен халықара­лық турнирде топ жарғанын бөле-жара атап өтуге болады.