UFC промоушенінде өнер көрсететін Татьяна Суарес швециялық файтер Хамзат Чимаев туралы қызықтарды айтып берді. Бұл туралы "Чемпионат" сайтына сілтеме жасаған vesti.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
"Оның есі дұрыс емес, керемет жігіт. Қасыма келіп тебе салуы мүмкін. Ондай кезде мен: "Не боып қалды неге теуіп жатырсың?" деймін.
Аздап есуастау, бірақ, сол үшін де мықты болар. Бірнеше күн бұрын менімен саунада күреспек болды. Дәл мына жерде болмас деп тоқтаттым", - дейді Суарес Helen Yee Sports YouTube арнасына берген сұхбатында.