Сехудо Хабибті үздіктер қатарына қоспады

25 ақпан 2022, 16:48

Екі салмақ дәрежесіндегі UFC-дің бұрынғы чемпионы Генри Сехудо өзі жасаған рейтингке әлем үздіктерінің бірі Хабиб Нурмагомедовті қоспады, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

 

«Бірінші орынға Джон Джонсты, одан кейінгі орындарға Деметриус Джонсон, Андерсон Сильва, Генри Сехудо, Джордж Сент-Пьерді қосамын.

Өзімді бұл тізімге бекер қосқан жоқпын.

Мен үш бірдей «Даңқ» залының мүшесін жеңдім. Олар: Деметриус Джонсон, Ти Джей Диллашоу және Доминик Круз. Бұл тек соңға төрт жекпе-жектегі көрсеткіш.

Менің ойымша Хабиб Нурмагомедов бестікке енбегенімен, үздік ондықтың қатарына кіреді. Ол UFC-де мен секілді 12 жекпе-жек өткізді.

Алайда ол екі салмақта әлем чемпионы атанғанда менен озатын еді. Өйткені жеңілістің кермек дәмін татқан емес.

Бірақ ол «Даңқ» залының қанша мүшесін жеңді? Әңгіме осында», деді Генри Сехудо өз ойын түйіндеп.