Сергей Морозовтың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы анықталды

09 қазан 2021, 20:57

Қазақстандық спортшы Сергей Морозовтың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

 

Отандасымыздың келесі қарсыласы бразилиялық Дуглас Силва де Андраде болады. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу 13 ақпан күні Лас-Вегас қаласынжа өтеді.

 

32 жастағы қазақстандық спортшы үшін бұл үшінші кездесуі болады. Морозов бір рет жеңіп, бір жеңілген. Ал 36 жастағы бразилиялық болса промоушенде оныншы кездесуін өткізеді. Андраденің еншісінде бес жеңіс және төрт жеңіліс бар.

 

Жалпы аралас жекпе-жекте Морозов 17 кездесу өткізіп, бес мәрте жеңілген. Бразилиялық 27 кездесуде төрт рет ұтылған.