Спорт

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

  • © Foto : Предоставлено Пресс-службой комитета спорта министерства культуры и спорта Республики Казахстан

    © Foto : Предоставлено Пресс-службой комитета спорта министерства культуры и спорта Республики Казахстан

Серік Сәпиев ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңестің төрағасы қызметіне сайланды. Аталған шешім Щучинскіде өткен кеңес отырысында қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы жаңа қызметті қатар атқара береді. ТМД-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңес төрағасының мерзімі - бір жыл.

"Мәселен, бүгінде ТМД-ға мүше елдердің спорт саласын цифрландыру жоспарланып отыр. Серік Сәпиев осы мәселемен де айналысады. Қазіргі кезде біздің елімізде цифрландыру шаралары атқарылып жатыр. Аталған жұмыстар "Зерде" холдингімен бірлесіп пысықталуда. Сонымен қатар, ТМД-ға ортақ стратегия бар. Онда допингтен бастап цифрландыруға дейін барлық шара бар. Кеңес төрағасы соның бәрін үйлестіріп отырады", - дейді комитеттің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева.

Оның айтуынша, кеңестің келесі отырысы 2020 жылы Татарстан республикасында өтеді. Сол жерде кеңестің жаңа төрағасы сайланады.

Айта кетейік, осы жолы Щучинскіде өткен отырыста спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін талқыланып, цифрлық технологияларды енгізу жайы қаралды. Бұдан бөлек, ТМД-ның осы саладағы 2021-2030 жылдарға арналған стратегияның жобасы пысықталды.




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.06.2019, 14:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31