Спорт

Серік Сәпиев жемқорлық күдігіне ілінген орынбасары жайлы пікір білдірді

  • https://qazaqstan.tv/

    https://qazaqstan.tv/

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды.

 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

Олар Риддер қаласындағы «Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтік мектеп-интернаты» РММ-нің 300 орынға арналған оқу корпусы» құрылыс объектісін салу кезінде іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін мердігердің шотына 380,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аудару арқылы жымқырды деген күдікке ілінді.

 

Еске салайық, Спорт және дене шынықтыру комитетін бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев басқарады. Комитет басшысы осы жағдайға байланысты 24.kz тілшісіне пікір білдіріп, егер орынбасарының жемқорлық қылмысын жасағаны дәленденсе, қызметінен кетуге дайын екенін айтқан.

 

«2018 жылы мектеп интернатының құрылысы басталды. 2019 жылы аяқталуы тиіс болатын. Сол жылдың аяғында біз келісімшартты өзгерттік, биыл жыл соңына дейін құрылыс аяқталуы тиіс. Қазір орынбасарыма қатысты қылмыстық іс қозғалды. Енді біз соттың шешімін күтеміз. Егер оның кінәсі толық дәлелденген жағдайда, мен өтініш жазуға дайынмын», - деді комитет басшысы Серік Сәпиев.

 

 

 




Көрілген: 1455    Пікірлер: 0

сенбі, 30.05.2020, 21:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30